Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне Business GO платформасының мүмкіндіктері таныстырылды

08.09.2026
Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне Business GO платформасының мүмкіндіктері таныстырылды

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Бухгалтерлер клубының кезекті онлайн-кездесуіне бизнес пен бухгалтерлік қауымдастықтың 60-тан астам өкілі қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі Business GO цифрлық платформасы болды. Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері платформа әкімшілерімен бірлесіп, оның мүмкіндіктері мен бизнеске арналған қолжетімді цифрлық құралдар туралы айтып берді.

Business GO — https://businessgo.kz кәсіпкерлерге арналған түрлі сервистерді біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйе. Бір платформада онлайн-касса, фискалдық деректер операторы, тауарларды есепке алу жүйесі, маркетингтік құралдар және басқа да сервистер қолжетімді.

Оқыту барысында кәсіпкерлер GreenKassa, GreenMag, AOFD, Amian business, «Салық төлеушінің паспорты», Findex және басқа да цифрлық шешімдердің мүмкіндіктерімен танысты.

Сондай-ақ Business GO бірыңғай экожүйесінде және жеке кабинетте жұмыс істеу тәртібіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға платформада тіркелу, қажетті сервистерді таңдау және жұмысты бастау тәртібі түсіндірілді.

Платформа қажетті бизнес-құралдарды бір интерфейске біріктіруге, қолданылатын жүйелер санын азайтуға және күнделікті процестерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Оның мүмкіндіктерінің қатарында бірыңғай техникалық қолдау, жекелеген процестерді автоматтандыру және интернет арқылы бизнес деректеріне қол жеткізу бар.

Онлайн-кездесу аясында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Департамент мамандары салықтық тексерулерге қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпкерлер мен бухгалтерлер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қойып, бизнесті жүргізуге арналған өзекті құралдар туралы ақпарат алды.

Қарағанды облысының кәсіпкерлері кеңес алу және қосымша ақпаратқа қол жеткізу үшін Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасына және оның филиалдарына жүгіне алады.

Қарағанды — Қарағанды облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат
Тел.: 8 (7212) 506-412

Балқаш — Шашубай шағынауданы, 3Г, «Кулия-2» бизнес орталығы, 1-кеңсе
Тел.: 8 (71036) 5-82-53

Саран қаласы — Құжанов көшесі, 2
Тел.: 8 (72137) 790-70

Қарқаралы ауданы — Әубәкіров көшесі, 25
Тел.: 8 (72146) 330-75

Бұқар жырау ауданы — Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 41Б
Тел.: 8 702 686 36 25, 8 702 142 57 84

Осакаров ауданы — Достық көшесі, 35/2
Тел.: 8 (72149) 430-04

Абай ауданы — Жеңіс даңғылы, 2
Тел.: 8 (72131) 790-09

Шахтинск қаласы — Парковая көшесі, 11
Тел.: 8 (72156) 495-96

Ақтоғай ауданы — Қ. Байсейітова көшесі, 2
Тел.: 8 (71037) 212-73

Шет ауданы — Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 141А
Тел.: 8 (71031) 216-41

Теміртау қаласы — Строителей даңғылы, 47
Тел.: +7 708 430 09 72

Приозерск қаласы — Жеңіс бульвары, 4/2
Тел.: 8 (71039) 701-14

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Бухгалтерлер клубы әр апта сайын бейсенбі күні өткізіледі. Мұнда кәсіпкерлер мен бухгалтерлер салық салу, заңнама және бизнесті жүргізуге қатысты басқа да өзекті мәселелер бойынша түсіндірме ала алады.

Алдағы кездесулердің хабарландырулары Business Karaganda Telegram-арнасында жарияланады:

Business Karaganda⁠- https://t.me/business_karaganda.