Бизнестің игі істері: Ақмола облысында әлеуметтік бастамалар жалғасуда  

08.09.2026
Бизнестің игі істері: Ақмола облысында әлеуметтік бастамалар жалғасуда   

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Бағдарлама аясында Көкшетауда «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Бизнестің 100 игі ісі» акциясы өтті. Кезекті іс-шара аясында қаладағы екі мектептің аумағына ағаш отырғызылды.

«Авикс Груп» ЖШС Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасымен және Көкшетау қаласының прокуратурасымен бірлесіп Техникалық мектеп-лицейі мен №20 мектеп-гимназиясының аумағына 55 ағаш отырғызды.

Көгалдандыру жұмыстары кәсіпкерлік қауымдастықтың қаланы абаттандыруға қосып отырған үлесінің тағы бір жарқын көрінісі болды. Осындай жобаларды қолдау бизнеске әлеуметтік мәселелерді шешуге ғана емес, тұрғындар үшін қолайлы қалалық орта қалыптастыруға да өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Ағаш отырғызу «Таза Қазақстан» бағдарламасының елді мекендердің тазалығын сақтау және абаттандыруға бағытталған міндеттерімен тікелей үндеседі. Ал «Бизнестің 100 игі ісі» акциясы кәсіпкерлердің нақты істері арқылы қоршаған ортаны өзгерте отырып, қоғамдық маңызы бар бастамаларға қалай атсалыса алатынын көрсетеді.

Изображение

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы белгіленген нормаларды сақтауды ғана емес, қоғам мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды да көздейді.

«Біз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесумен ғана шектелмейді, ол тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға қатысуды да қамтиды деп есептейміз. Бүгін біз бизнес өкілдерімен және қала прокуратурасымен бірге нәтижесі талай жыл бойы көрінетін игі іс атқарып отырмыз. Отырғызылған ағаштар осы мектептерде білім алып жүрген балалармен бірге өседі. Бизнес пен мемлекеттік органдардың осындай бастамалар төңірегіндегі күш-жігерін біріктіру бұл қағидатты нақты істер арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрайымы Валентина Геращенко.

Айта кетейік, «Авикс Груп» ЖШС экологиялық және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды тұрақты түрде қолдап, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысады және аумақтарды абаттандыру мен дамытуға өз үлесін қосып келеді.