«Атамекен» ҰКП-да салық кеңесшілерінің өзін-өзі реттеуін дамыту мәселесі талқыланды

08.09.2026
«Атамекен» ҰКП-да салық кеңесшілерінің өзін-өзі реттеуін дамыту мәселесі талқыланды

Бүгін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы өзін-өзі реттеуді дамыту мәселелері жөніндегі комитеттің отырысы өтті. Отырыс салықтық кеңес беру саласындағы өзін өзі реттеу институтын дамытуға арналды.

Талқылауға «Салық консультанттары палатасы» ҚБ, «Қазақстан салық консультанттары қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері қатысты. Қатысушылар өзін-өзі реттеудің ықтимал моделі, мамандарға қойылатын талаптар және осы саладағы қызметтердің сапасын арттыру жайында пікір алмасты.

Салықтық кеңес беру бизнес үшін практикалық маңызға  ие. Мамандар кәсіпкерлерге салық заңнамасын түсінуге, салық міндеттемелерін дұрыс орындауға және есеп берудегі қателіктермен байланысты тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.

Отырыс барысында кәсіби қоғамдастық өкілдері одан әрі дамудың ықтимал бағыттарының бірі ретінде міндетті өзін өзі реттеуге көшуді қарастыруды ұсынды. Олардың пікірінше, мұндай тәсіл салық кеңесшілеріне бірыңғай кәсіби талаптарды және көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауапкершілік тетіктерін белгілеуді көздейді. Бұл ретте нақты модель және оны қолдану шарттары барлық мүдделі тараптардың қатысуымен одан әрі талқылауды талап етеді.

Салық есептілігін растау жөніндегі ұсынысқа ерекше назар аударылды. Әңгіме салық міндеттемелерінің дұрыстығын алдын ала тексеру және салық төлеушіге анықталған қателіктерді өз бетінше жоюға көмектесу туралы болып отыр.

Бұл тәсілді практикалық бағалау үшін кәсіби қоғамдастық өкілдері білікті салық кеңесшілерінің қатысуымен пилоттық жобаны іске қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар, осы саладағы халықаралық тәжірибені зерделеудің орындылығы атап өтілді.

Сондай-ақ есептілікті растаудан өткен салық төлеушілерді қолдаудың ықтимал шаралары талқыланды. Ұсыныстардың ішінде тәуекел деңгейін анықтау кезінде куәландыру нәтижелерін есепке алу, алдын ала салықтық түсініктемелер беру және құжаттамалық тексерулерді тағайындаудың ерекше тәртібін қолдану бар.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға кейіннен комитет алаңында қарау үшін салықтық консультация беру саласында өзін өзі реттеуді одан әрі дамыту жөнінде нақты ұсыныстар беру ұсынылды. Сондай-ақ, одан әрі жұмыс істеу кезінде осы саланы реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеу орынды екендігі атап өтілді.