Астанада мұнаралы крандарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

09.09.2026
Астанада мұнаралы крандарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында мұнаралы крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы саладағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мәселелеріне арналған отырыс өтті.

Талқылауға Астана қаласының прокуратурасы, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы, сондай-ақ мұнаралы крандарды пайдаланатын ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста елордадағы мұнаралы крандардың техникалық жағдайын бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау және құрылыс нысандарындағы ықтимал тәуекелдердің алдын алу мәселелері қаралды.

Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, елордадағы 349 мұнаралы кранды тексеру жоспарланған. Бұл олардың жалпы санының 23,9%-ын құрайды. Ағымдағы жылы 192 кранды тексеру жоспарланған.

Изображение

Бүгінгі таңда 94 мұнаралы кранға тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 70 бұзушылығы анықталды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті нұсқамалар берілді. Сонымен қатар жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Отырыста құрылыс нысандарында өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мұнаралы крандарды пайдаланатын ұйымдардың өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды.

Изображение

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар құрылыс нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмысты күшейтіп, мемлекеттік органдар мен бизнестің жүйелі өзара іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.