Ваучерлерге қатысты мәселелер мен жаңа санитариялық талаптар: мектепке дейінгі білім беру саласындағы жағдай талқыланды

10.09.2026
Ваучерлерге қатысты мәселелер мен жаңа санитариялық талаптар: мектепке дейінгі білім беру саласындағы жағдай талқыланды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Түркістан облысындағы мектепке дейінгі білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті. Кездесуде ваучерлік қаржыландыру, жаңа санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қолдану және жекеменшік балабақшаларды Жедел басқару орталықтарына (ЖБО) қосу мен қызмет көрсету құны мәселелері талқыланды.

Жиынға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, Түркістан облысы бойынша «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» ЖКЗТБ  филиалының және өңірдегі жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы аясында орындарды ұсыну мәселесі.

Түркістан облысы бойынша ҚҮББҚ филиалы директорының орынбасары Лаура Станбекованың айтуынша, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жаңа оқу жылына топтарды жасақтау, ата-аналармен шарттар жасасу және мемлекеттік тапсырысты орындауды бастау кезінде бірқатар қиындықтарға тап болып отыр.

Изображение

ҚҮББҚ өкілінің айтуынша, бұл мәселелердің бірі балаларды кезекке қою, жолдама беру және мектепке дейінгі ұйымдарды жасақтау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйенің жұмысындағы іркілістерге байланысты. Соның салдарынан ата-аналар балаларын тіркеп, ваучер ала алмай, ал балабақшалар бос орындарға балаларды қабылдап, топтарды толықтыра алмай отыр.

Бұл жағдай 2020 жылы туған балалардың мектепке дейінгі ұйымдарды тәмамдауынан кейін айқын көрініп отыр. Балабақшаларда бос орындар пайда болғанымен, оларды жаңа тәрбиеленушілермен толықтыру мүмкін болмай жатыр. Нәтижесінде ата-аналар баласын балабақшаға орналастыра алмайды, ал жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар тікелей қаржылық шығынға ұшырайды.

«Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар үшін ваучерлік қаржыландыру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі аса маңызды. Кәсіпкерлер мемлекеттік қаржыландыру тетігіне сүйене отырып, алдын ала штат қалыптастырады, ғимараттарды қамтамасыз етеді және қажетті инфрақұрылымды жасайды. Ал техникалық немесе ұйымдастырушылық ақаулардың салдарынан бала ваучер ала алмай, балабақшаға қабылданбаған жағдайда, бос орын мектепке дейінгі ұйым үшін тікелей қаржылық шығынға айналады. Сондықтан жүйе ата-аналар мен ұйымдар үшін түсінікті, болжамды және барлық өңірде бірдей жұмыс істеуі қажет», – деді «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» ЖКЗТБ төрайымы Лейла Куленова.

Изображение

ҚҮББҚ балаларды тіркеу, ваучер алу және Түркістан облысындағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау мүмкіндігін шұғыл қалпына келтіруді ұсынды. Сонымен қатар пилоттық жобаға қатыспайтын жекеменшік балабақшалар үшін қажетті конкурстық рәсімдерді өткізу және мемлекеттік тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету ұсынылды.

Жиында қолданыстағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қолдану мәселесі де қаралды.

Түркістан облысы бойынша ҚҮББҚ филиалының директоры Дильдар Хабибованың айтуынша, кәсіпкерлерден жаңа санитариялық қағидалар талаптарының қолданылуына байланысты өтініштер түсіп жатыр. Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген жаңа талаптар негізінде тексерулер жүргізіліп, тиісті нұсқамалар берілуде.

Изображение

Сонымен қатар жаңа талаптар күшіне енгенге дейін пайдалануға беріліп, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған нысандарға қатысты талаптарды қолдану мәселесі бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары бұған дейін тиісті түсіндірмелер берген. Осыған байланысты жиынға қатысушылар талаптарды қолданудың бірыңғай құқықтық тәсілін қалыптастырe қажеттігін атап өтті.

«Кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдаудың болуы ғана емес, оны іске асыру тетіктерінің тұрақты жұмыс істеуі де маңызды. Егер балабақшада орын бар болса, бірақ техникалық немесе ұйымдастырушылық себептермен бала оған қабылдана алмаса, бұл жағдайдан ата-ана да, бизнес те зардап шегеді. Сондықтан мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәселені оң шешіп, жауапты тарапты нақты анықтау және кәсіпкерлер үшін түсінікті өзара іс-қимыл тетігін қалыптастыру қажет», – деді «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры – Басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов.

Изображение

Кездесуде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды Жедел басқару орталықтарына (ЖБО) қосу және оларға қызмет көрсету құны да талқыланды.

Ордабасы ауданындағы «Бал-бөбек» балабақшасының құрылтайшысы Раушан Қаныбекованың айтуынша, қазіргі қызмет көрсету құны мектепке дейінгі ұйымның қуаты мен тәрбиеленушілер санын толық ескермейді. Соның салдарынан шағын балабақшалар ірі нысандармен салыстырмалы қаржылық жүктемені көтеруге мәжбүр.

Кәсіпкерлер қызмет құнын нысанның қуаты, тәрбиеленушілер саны және басқа да объективті критерийлерді ескере отырып сараланған тәсілмен белгілеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жалғастырып, оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге келісті. Негізгі назар ваучерлік қаржыландыру тетігінің тұрақты жұмыс істеуіне, санитариялық талаптарды бірыңғай қолдануға және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар үшін қызмет көрсету құнын әділ қалыптастыруға аударылмақ.