Алматы облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасы кәсіби білікті аспаздарды даярлауға үлес қосуда

11.09.2026

Өңірлік кәсіпкерлер Палатасы Талғар политехникалық колледжінің «Аспаз» мамандығы бойынша үш айлық кәсіптік оқудан өткен білім алушыларының қорытынды аттестаттау емтиханына қатысты.
2025 жылдың шілдесінде колледж жұмыс берушілер сұранысына ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының «Атамекен» ҰКП тізіліміне енгізілді. Оқыту дуальды оқыту элементтерін қолдану арқылы жүргізіліп, білім алушылар теориялық біліммен қатар, практикалық дағдыларды да меңгерді.
Қорытынды емтихан барысында болашақ аспаздардың кәсіби даярлық деңгейі мен практикалық құзыреттері бағаланды.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Алматы облысы бойынша адами капиталды дамыту бөлімі білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты нығайту, дуальды оқытуды дамыту және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.