Білікті аспаз — сұранысқа ие маман
«Аспаз» мамандығы бойынша үш айлық кәсіптік оқудан өткен білім алушылар қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырды. Оқу барысында студенттер теориялық білім алып қана қоймай, дуальды оқыту элементтері арқылы тәжірибелік дағдыларын да жетілдірді.
Қорытынды емтиханнан кейін білім алушылармен сөйлесіп, оқу барысы, алған тәжірибесі және болашақ жоспарлары туралы пікірлерін білдік. 👩🍳👨🍳
Студенттердің айтуынша, кәсіптік оқудың басты артықшылығы — мамандықты практика жүзінде меңгеріп, нақты жұмыс процесіне бейімделуге мүмкіндік беруі.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы үшін білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту, жастарға тәжірибелік білім беру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау — маңызды бағыттардың бірі.
Бүгінгі студент — ертеңгі білікті маман. Ал сапалы маман даярлау — білім мен тәжірибенің бірлігінен басталады. 💼✨