Кәсіпкерлерді Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз
ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕР!
Сіздерді 2026 жылдың 24 қыркүйегінде өтетін жыл сайынғы Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз.
Бірыңғай есеп беру күні мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылауы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды алдын алу бойынша кездесу түрінде өткізіледі.
Бірыңғай есеп беру күнін өткізу уақыты мен орны туралы өңіріңіздегі Кәсіпкерлер палатасына хабарласу арқылы біле аласыз.