Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күніне шақырылады.

14.09.2026
Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күніне шақырылады.

24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының бақылау-қадағалау органдарының өкілдері өңірдегі бизнес-қоғамдастықпен кері байланыс орнату мақсатында кәсіпкерлермен кездеседі.

Кездесу сағат 15:00-де (қатысушыларды тіркеу сағат 14:30-дан басталады) Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1-қабат мекенжайы бойынша орналасқан облыстық әкімдіктің үлкен залында өтеді.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерін осы шараға белсенді қатысуға шақырады.

«Жыл сайын өткізілетін Бірыңғай есеп беру күнінің мақсаты — кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды реттеу мәселелері бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі алдын алуды дамыту болып табылады. Шара кәсіпкерлермен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін және Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың алдын алу мәселелерін талқылау форматында өтеді», — деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

Бірыңғай есеп беру күніне ауылдық кәсіпкерлер де аудандық әкімдіктерден ұйымдастырылатын бейнеконференцбайланыс арқылы қатыса алады.

Іс-шараға қатысу бойынша ақпаратты 8(7152)36-13-62 телефоны арқылы алуға болады («Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ).