Атырауда кәсіпкерлерге арналған «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді
Кәсіпкерлік қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың төрағалығымен өтеді.
Кездесу сағат 15:00-де басталады, Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 45А мекенжайында, «Н.У. Балғымбаев атындағы коммуникациялар орталығы» ғимаратында өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алудың жүйелі тәсілдерін жетілдіру, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және бизнесті қауіпсіз әрі тұрақты жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Кездесу барысында бизнес өкілдері заңнамада белгіленген міндетті талаптар бойынша түсініктемелер алып, кәсіпкерлік қызметті реттейтін соңғы өзгерістермен таныса алады. Сондай-ақ кәсіпкерлерге бақылау-қадағалау органдары тексеру барысында анықтайтын ең көп таралған бұзушылықтар туралы ақпарат ұсынылады.
Қатысушылар мамандарға тікелей сұрақ қойып, бизнес үшін өзекті мәселелер бойынша кәсіби түсініктемелер ала алады.
Іс-шара форматы кәсіпкерлерге өз проблемалары мен ұсыныстарын мемлекеттік органдардың өкілдеріне жеткізуге, тексерулерге, рұқсат беру рәсімдеріне, санитариялық және экологиялық талаптарға қатысты жүйелі мәселелерді талқылауға қатысуға, сондай-ақ бақылау жүйесін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік береді.
«Бірыңғай есеп беру күні» жыл сайын бүкіл ел бойынша өткізіледі. Ол бизнестің құқықтық сауаттылығын арттырудың, құқық бұзушылықтардың алдын алудың және мемлекет пен кәсіпкерлер арасында сындарлы диалог қалыптастырудың тиімді тетігі ретінде өзін танытып келеді.
Бастама Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау және әкімшілік кедергілерді азайту, бизнесті жүргізу жағдайларын жеңілдетуге бағытталған жалпы стратегия аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жүзеге асырылуда.
Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпкерлерін іс-шараға белсенді қатысуға, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоюға және бизнес пен мемлекет арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ұсыныстарын білдіруге шақырады. Қызығушылық танытқан жағдайда, келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://forms.gle/YrdU4AfcGdWhVxd39.