Астанада бақылау-қадағалау органдарының бизнес өкілдері алдындағы бірыңғай есеп беру күні өтеді
24 қыркүйекте Астанада бақылау-қадағалау органдарының бизнес өкілдері алдындағы бірыңғай есеп беру күні өтеді. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысады.
Кездесу барысында бақылау-қадағалау органдары 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 тамызға дейінгі кезеңде атқарылған жұмыстар мен жүргізілген тексерулер динамикасы туралы есеп береді.
Іс-шара барысында кәсіпкерлер тексерулерге қатысты сұрақтарын қойып, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылай алады. Сондай-ақ бақылау іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік беріледі.
Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы елордалық кәсіпкерлерді іс-шараға қатысуға шақырады.
Өткізілетін күні: 24 қыркүйек
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, мәжіліс залы, 2-қабат.
Іс-шараға келесі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысады:
1. Астана қаласының прокуратурасы;
2. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
3. Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
4. Астана қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті;
5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті;
6. Астана қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті;
7. Астана қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы;
8. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті;
9. Астана қаласының Әділет департаменті;
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті;
11. Астана қаласының Полиция департаменті;
12. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті;
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы;
14. Астана қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы;
15. Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
16. Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті;
17. Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті;
18. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті;
19. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті;
20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы;
21. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы;
22. Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы;
23. Астана қаласының Білім басқармасы;
24. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті;
25. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалы.
Кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың тексерулеріне қатысты сұрақтарын Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Асель Утегеноваға WhatsApp арқылы 8 775 153 32 33 нөміріне жолдай алады.
Сұрақтар 22 қыркүйекке дейін қабылданады.