«Атамекен» ҰКП қазақстандық бизнес үшін халықаралық мүмкіндіктерді кеңейтуде: кәсіпкерлер Жапонияда тағылымдамадан өтті

15.09.2026
«Атамекен» ҰКП қазақстандық бизнес үшін халықаралық мүмкіндіктерді кеңейтуде: кәсіпкерлер Жапонияда тағылымдамадан өтті

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) бірлесіп, қазақстандық кәсіпкерлер үшін Жапонияда тағылымдамадан өтуді табысты ұйымдастырды. Оқыту 24 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында «Іскерлік байланыстар» ұлттық жобасы аясында өтіп, жапондық тәжірибені зерделеуге және іскерлік байланыстар орнатуға бағытталды.

«Атамекен» ҰКП институционалдық қолдауының арқасында күріш өндіру және қайта өңдеу, туризм, сейсмикалық төзімді құрылыс және балық өнімдерін қайта өңдеу саласындағы тоғыз қазақстандық компанияның басшылары Niigata Kubota, Niigata Nosho, Kato Sake Brewery және Snow Peak сияқты жетекші жапон корпорацияларының өндірістік алаңдарына барып, басқарушылық тәжірибемен танысты. Тағылымдаманың нақты іске асқан нәтижесі – әрбір қатысушының Қазақстандағы өз кәсіпорындарына жапон тәжірибесін енгізу бойынша Іс-қимыл жоспарын әзірлеуі болды. Палатаның ықпал етуімен бірқатар делегат жапондық серіктестермен ынтымақтастық туралы келіссөздерге белсенді кірісіп те кетті.

Изображение

Изображение

«Атамекен» ҰКП мен жапон тарапы әзірлеген сапар бағдарламасы Токиодағы жоғары деңгейдегі ресми кездесулерді – JICA штаб-пәтері мен Жапония сыртқы сауданы дамыту ұйымының (JETRO) бас кеңсесіндегі кездесулерді қамтыды. Негізгі іскерлік бөлім ТМД елдерімен тарихи тұрғыда тығыз іскерлік байланыстарды қолдап келе жатқан Ниигата префектурасында және Садо аралында өтті. Онда қатысушылар туризмді дамыту тәжірибесін зерделеп, бірқатар жапон кәсіпорнына барды.

Еске сала кетсек, «Іскерлік байланыстар» құралы халықаралық шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған. Құрал кәсіпкерлерге шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамалардан өтуге, сондай-ақ бейіні ұқсас кәсіпорындарға баруға және шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Изображение

Изображение

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ШОК субъектілерін дамыту және қазақстандық бизнестің халықаралық іскерлік ынтымақтастығын кеңейту бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Изображение