Коммерциялық жылжымайтын мүлік жаңа пайдалану талаптарына көшеді: бизнес жаңа Құрылыс кодексін қолдану мәселелерін талқылады

16.09.2026
Коммерциялық жылжымайтын мүлік жаңа пайдалану талаптарына көшеді: бизнес жаңа Құрылыс кодексін қолдану мәселелерін талқылады

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында жаңа Құрылыс кодексінде көзделген құрылыс және коммерциялық нысандарды пайдалану талаптарын іс жүзінде қолдану мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті.

Іс-шараға коммерциялық жылжымайтын мүлік иелері, басқарушы және сервистік компаниялар, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану саласының мамандары, мемлекеттік органдардың, кәсіби қауымдастықтар өкілдері мен сарапшыларды қоса алғанда, 200-ден астам адам қатысты.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген жаңа Құрылыс кодексінде нысандарды техникалық күтіп-ұстау және пайдалану, пайдалану бақылауы, ағымдағы жөндеу, құжаттаманы жүргізу, жауапкершілікті бөлу және апатты жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптар белгіленген.

Изображение

Коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін бірнеше меншік иесі бар нысандарды пайдалану мәселесі ерекше өзекті. Мұндай нысандарда ортақ мүлікті басқару, оны күтіп-ұстау және жөндеу, сондай-ақ меншік иелері мен пайдалану қызметін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы жауапкершілікті бөлу бойынша практикалық мәселелер туындайды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «QAZPROPERTY» коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар қауымдастығымен бірлесіп, осы мәселелерді бірнеше жылдан бері пысықтап келеді.

«Бұған дейін заңнамада ортақ мүлікке, оны күтіп-ұстау мен жөндеуге, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлік иелері арасындағы жауапкершілікті бөлуге қатысты мәселелерді реттейтін тиісті тетік болмады. Жаңа нормалар мұндай нысандарды басқару мен пайдалану үшін түсініктірек құқықтық жағдай қалыптастырады», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Назира Үсенова.

Изображение

«QAZPROPERTY» коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар қауымдастығының төрағасы Константин Глушко жаңа талаптарды білу ғана емес, оларды іс жүзінде қолдану тәртібін түсінудің де маңызды екенін атап өтті.

«Кәсіби нарық үшін жаңа талаптарды қолданудың түсінікті әрі бірыңғай тәртібін қалыптастыру керек. Сондықтан бизнес, мемлекеттік органдар және салалық қауымдастық арасындағы ашық диалогтың маңызы зор», – деді Константин Глушко.

Сонымен қатар, Константин Глушко коммерциялық жылжымайтын мүлікті пайдалану саласындағы жаңа реттеудің негізгі талаптарына тоқталды. Атап айтқанда, нысандарға міндетті түрде техникалық қызмет көрсету, пайдалану бақылауын жүзеге асыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ меншік иелері мен тартылған басқарушы ұйымдардың жауапкершілігін нақтылау мәселелерін атап өтті. Бұдан бөлек, пайдалану журналын жүргізу, апаттық жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ нысандарды пайдалануды тоқтата тұру негіздеріне ерекше назар аударылды.

Изображение

Кездесу барысында пайдалану бақылауы, құжаттаманы жүргізу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және меншік иелері мен пайдалану ұйымдарының жауапкершілігіне қатысты 30-дан астам практикалық мәселе қаралды.

Сонымен қатар саланың кәсіби стандарттарын дамыту мәселесі талқыланды. «QAZPROPERTY» қауымдастығы «Ғимараттарға қызмет көрсету және пайдалану» кәсіби стандартын жаңартты. Құжат Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы Кәсіби біліктіліктерді дамыту жөніндегі салалық кеңесте қаралып, келісілді және Enbek.kz платформасында орналастырылды. Стандарт 10 кәсіпті және Ұлттық біліктілік шеңберінің 3-5 біліктілік деңгейін қамтиды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП мен «QAZPROPERTY» келіп түскен мәселелерді жүйелеп, Құрылыс кодексінің нормаларын іс жүзінде қолдану бойынша бизнес және мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.