СҚО-да Бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күнін өткізу уақыты өзгерді
Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күнінің өтетін уақыты өзгергенін хабарлайды. 24 қыркүйекке жоспарланған кездесу күннің бірінші жартысына ауыстырылды. Шара бұрын хабарланғандай сағат 15:00-де емес, 11:00-де басталады. Осыған байланысты қатысушыларды тіркеу уақыты да жылжып, сағат 10:30-да басталады.
Өтетін орны өзгеріссіз қалады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1-қабат (облыстық әкімдіктің үлкен залы).
Еске сала кетейік, бұл кездесудің басты мақсаты — бизнес-қоғамдастық пен бақылау-қадағалау органдары арасында шынайы әрі ашық кері байланыс орнату.
«Жыл сайын өткізілетін Бірыңғай есеп беру күнінің мақсаты — кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша конструктивті шешімдер әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметі реформасын жүзеге асыру аясында заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту. Шара кәсіпкерлермен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың алдын алу форматында өтеді», — деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.
Ауылдық жердегі кәсіпкерлер, жоспарланғандай, талқылауға аудандық әкімдіктердің залдарынан бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтан қосыла алады.
Іс-шараға қатысу бойынша қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7152) 36-13-62 («Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ).