Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында «Қазына» сауда үйіндегі өрттен зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу мәселесі талқыланды
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Қазына» сауда үйінде болған өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Өрт салдарынан кәсіпкерлерге айтарлықтай материалдық залал келтірілді: тауарлар, жабдықтар мен мүлік бүлініп, бірқатар бизнес субъектілерінің қызметі толық тоқтатылды.
Кәсіпкерлер Палатаға ұжымдық өтініш жолдап, одан әрі іс-қимыл тәртібін айқындауға және өздерінің заңды мүліктік құқықтарын қорғауға көмек көрсетуді сұрады.
Жұмыс кездесуге Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және зардап шеккен кәсіпкерлер қатысты.
Тергеу барысы туралы Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға анықтаушысы, Қостанай облысы ТЖД азаматтық қорғау майоры Арман Найманов айтып берді.

Оның хабарлауынша, қазіргі уақытта өртті тергеу аясында бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған. Олардың нәтижелері алынып, ресми қорытындылар дайын болғаннан кейін тиісті процестік шешім қабылданады.
Ашық диалог форматында кәсіпкерлер іс бойынша тергеу барысына қатысты өздерін толғандырған сұрақтардың барлығын қойып, ТЖД өкілдерінен тиісті түсініктемелер алды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Жібек Сиитованың айтуынша, кездесу қорытындысы бойынша Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы негізгі мәселелерді тіркеп, зардап шеккен әрбір кәсіпкерге олардың мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында консультациялық сүйемелдеуді жалғастырды.