Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Таиланд Корольдігінің Елшілігі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді талқылады

23.09.2026
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Таиланд Корольдігінің Елшілігі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді талқылады

Астанада Қазақстан мен Таиланд кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлин Таиланд Корольдігінің Астанадағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Оратай Пхубунлап Гунасиилан ханыммен кездесті.

Кездесуде тамақ өнеркәсібін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар компаниялар арасында тікелей байланыс орнату, өнімдерді дистрибуциялау арналарын дамыту және қазақстандық әрі тай бизнесінің екі ел нарығындағы қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Изображение

Изображение

Кездесу барысында Қанат Әлин «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған «Бір ауыл - бір өнім» жобасын таныстырды. Жоба жергілікті шикізаттан өнім өндіретін кәсіпкерлерді қолдауға және олардың тауарларын нарыққа шығаруға бағытталған. Шоурумда Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылған.

Изображение

Сонымен қатар тараптар жаңа іскерлік байланыстар орнату және бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Атап айтқанда, бірлескен іс-шаралар өткізу, әлеуетті серіктестерді іздеу және екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

Таиланд тарапы қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жаңа серіктестермен байланыс орнатуға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы қазақстандық және тай кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыстар орнатуға, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға және жаңа ынтымақтастық бағыттарын дамытуға қолдау көрсетеді.