Түркістанда «Атамекен» ҰКП-ның 13 жылдығына арналған IV дәстүрлі шағын футбол турнирі басталды!

09.09.2026
Түркістанда «Атамекен» ҰКП-ның 13 жылдығына арналған IV дәстүрлі шағын футбол турнирі басталды!

Бүгін, 9 қыркүйекте, Түркістан қаласында үш күнге жоспарланған спорттық доданың алғашқы күні өтті.

Изображение

Турнирдің ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталып, қатысушыларға сәттілік тілектері айтылды.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев бейнеконференция арқылы құттықтау сөз сөйлеп, Палата ұжымын 13 жылдық мерейтоймен құттықтады. Ол жарысқа қатысушы командаларға сәттілік, тартысты ойын және жарқын жеңістер тіледі.

Сондай-ақ ашылу рәсімінде Төралқа мүшесі, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі – Аппарат басшысы Нұрбек Нәлқожа және Палата төрағасының орынбасары Аслан Қалиғазин құттықтау сөз сөйледі.

Изображение

Биылғы турнирге еліміздің 20 өңірінен 21 команда қатысып отыр. Бүгін командалар топтық кезеңдегі алғашқы ойындарын өткізіп, жарысқа қызу кірісті.

ИзображениеИзображение

 

Изображение

 

ИзображениеИзображение

Алда әлі екі күндік тартысты бәсеке бар. Барлық командаларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!