В Актюбинской области усиливают системную работу по защите предпринимателей и снижению административных барьеров

24.09.2026
В Актюбинской области усиливают системную работу по защите предпринимателей и снижению административных барьеров

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Жиында Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары баяндама жасады. Күн тәртібінде бизнестің құқықтарын қорғау, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, әкімшілік кедергілерді азайту және қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Дидар Боранқұловтың айтуынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Палатаға бизнестен 134 өтініш түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға көп. Қаралған 128 мәселенің 51-і кәсіпкерлердің пайдасына шешілсе, тағы 46 мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Палатаның жұмысы нәтижесінде 13 кәсіпкердің жалпы құны 619,2 млн теңгені құрайтын мүліктік құқықтары қорғалды.

Изображение

Палата директоры атап өткендей, кәсіпкерлер көтеретін мәселелердің көпшілігі қолдау шараларының болмауынан емес, әкімшілік рәсімдерге, келісу процестеріне, тексерулерге, мемлекеттік сатып алуларға және заңнаманы қолдану тәжірибесіне байланысты. Осыған байланысты қайталанатын өтініштерді жүйелі түрде талдап, жекелеген мәселелерді ғана шешіп қоймай, олардың түпкі себептерін жою ұсынылды.

Оң динамика да бар. 2025 жылғы «Іскерлік ахуал» рейтингі қорытындысы бойынша облыс шағын бизнес санаты бойынша 16-орыннан 2-орынға, орта бизнес бойынша 7-орыннан 1-орынға көтерілді. Сонымен қатар аудандардағы жағдай біркелкі емес. Нысаналы жұмысты қажет ететін мәселелер қатарында мемлекеттік қолдау, инфрақұрылым, кадрлар және инженерлік желілерге қосылу мәселелері бар.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің жұмысы да нақты нәтижелер беруде. Бірінші жартыжылдықта 12 мәселе қаралып, оның тоғызы бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді.

Атап айтқанда, ТМРА департаментімен бірлескен жұмыс нәтижесінде «Агрофирма «ТАУ» ЖШС-нің су бұру қызметі үшін төлемді екі рет есептеу мәселесі шешілді. Кәсіпорынның ай сайынғы қаржылық жүктемесі 905 мың теңгеге төмендеді. Қандыағаш көлік прокуратурасының қолдауымен құны 2,46 млрд теңгені құрайтын «Деповской сервис» ЖШС-нің инвестициялық жобасы бойынша анықталған заң бұзушылықтар жойылды.

Изображение

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерді қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жүйелі жұмыс күшейтіледіБақылау-қадағалау қызметіне қатысты жағдай да жеке қаралды. 2025 жылдың соңғы 12 айында бизнеске қатысты 2 128 тексеру тіркелсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 2 044-ті құрады. 2025 жылы 112 заңсыз тексеру анықталса, 2026 жылы олардың саны 89 болды.

Кәсіпкерлер палатасы тексерулердің заңдылығына мониторингті күшейтуді, бизнестің жүйелі мәселелерінің тізбесін тұрақты түрде қалыптастыруды және құрылыс, жер қатынастары, инженерлік желілерге қосылу, сауда және мемлекеттік сатып алу салаларындағы әкімшілік рәсімдерді қайта қарауды ұсынады.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар жиында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды.