«Атамекен» ҰКП-ның 13 жылдығына арналған шағын футбол турнирі қорытындыланды

11.09.2026
«Атамекен» ҰКП-ның 13 жылдығына арналған шағын футбол турнирі қорытындыланды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 13 жылдығына арналған IV дәстүрлі шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған спорттық додаға «Атамекен» ҰКП Орталық аппараты мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының командалары қатысып, жеңіс үшін тартысты ойын көрсетті. Турнир барысында командалар жоғары деңгейдегі дайындықтарын, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін танытты.

Жарыстың екінші күніндегі ойындар қорытындысы бойынша Орталық аппарат, Түркістан, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының командалары шешуші кезеңге жолдама алды.

ИзображениеИзображение

Турнирдің қорытынды күнінде ширек және жартылай финалдық кездесулер өтіп, финалға шыққан командалар анықталды. Шешуші ойындарда командалар жарыстың басты жүлдесі үшін бар күшін салып, тартысты бәсеке көрсетті.

Финалдық ойындардың қорытындысы бойынша Қостанай облысының командасы турнир жеңімпазы атанып, І орынға ие болды. Түркістан облысының командасы ІІ орынды, ал Шымкент қаласының командасы ІІІ орынды иеленді.

ИзображениеИзображениеИзображение

Сонымен қатар турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:

  • «Үздік бомбардир» — Әділ Жаныбеков, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы;

  • «Үздік ойыншы» — Жасұлан Абдрахманов, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы;

  • «Үздік шабуылшы» — Серік Құрмансеитов, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы;

  • «Үздік қорғаушы» — Ринат Алимбаев, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы;

  • «Үздік қақпашы» — Руслан Шокаев, Орталық аппарат командасы;

  • «Үздік гол» — Мақсат Өткелбаев, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы;

  • «Финалдың үздік ойыншысы» — Болат Сутемгенов.

Изображение

 

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ арнайы номинация иелері марапатталды.

«Атамекен» ҰКП-ның 13 жылдығына арналған IV дәстүрлі шағын футбол турнирі өңірлік палаталар мен Орталық аппарат өкілдерін біріктіріп, командалық рухты нығайтуға және әріптестік байланысты арттыруға бағытталған спорттық шара ретінде жоғары деңгейде өтті.