Ақтөбе облысының кәсіпкерлері Түркістан облысының өндірістік тәжірибесімен танысты

10.09.2026
Ақтөбе облысының кәсіпкерлері Түркістан облысының өндірістік тәжірибесімен танысты

Түркістан облысына Ақтөбе облысынан кәсіпкерлер делегациясы келіп, өңірдегі бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Делегацияға Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов жетекшілік етті.

Жұмыс сапарының басты мақсаты – кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасу, өндірістегі тиімді тәсілдерді зерделеу және екі өңірдің іскерлік байланысын одан әрі нығайту.


Делегация Сайрам ауданындағы «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің өндіріс орнын аралап, ет өңдеу бағытындағы жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ «Gen Group Kazakhstan» ЖШС-нің жылыжай алқабын көріп, ауыл шаруашылығындағы заманауи өндіріс тәсілдеріне назар аударды.

Изображение

Түркістан қаласында қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, одан кейін Сауран ауданындағы «Яссы Құс» ЖШС құс фабрикасының жұмысымен танысты.

Сапардың маңызды бөлігі – Түркістан қаласындағы шағын өндірістік аймақтағы кәсіпорындарға бару. Мұнда делегация жаңбырлатып суғару жүйелері, инновациялық капсулалық үйлер, жиһаз және тамшылатып суғару өндірісімен танысты.

Өндіріс орындарына бару барысында кәсіпкерлер өзара тәжірибе бөлісіп, өндірісті ұйымдастыру, жаңа технологияларды енгізу және бизнесті дамыту бағыттары бойынша пікір алмасты.

Изображение

Түркістан мен Ақтөбе кәсіпкерлер палаталары арасындағы мұндай тәжірибе алмасу өңір кәсіпкерлерінің өзара байланысын нығайтып, жаңа серіктестіктер орнатуға және тиімді бизнес тәжірибелерін бөлісуге мүмкіндік береді.