Түркістанда тауардың шығу тегін сертификаттау саласындағы мамандарға арналған оқыту семинары басталды
Түркістанда тауардың шығу тегін сертификаттау саласындағы мамандарға арналған оқыту семинары басталды
Бүгін Түркістанда Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен тауардың шығу тегін анықтау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеу, куәландыру және беру жөніндегі уәкілетті тұлғаларды оқытуға арналған семинардың алғашқы күні өтті.

Оқыту барысында қатысушыларға тауардың шығу тегін анықтау және сертификаттау саласындағы қолданыстағы талаптар, халықаралық сауда режимдері, сертификаттарды беру тәртібі, мемлекеттік бақылау және верификация рәсімдері бойынша жан-жақты ақпарат беріледі.

Семинардың алғашқы күнінде Қазақстан Республикасының сауда саясаты, преференциялық және преференциялық емес сауда режимдері, тауардың шығу тегін анықтау қағидалары, шығу тегін растайтын құжаттар және сауда келісімдері аясындағы талаптар қарастырылды.
Сонымен қатар қатысушылар тауардың шығу тегін сертификаттау саласындағы практикалық мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасты.

Оқытудың негізгі мақсаты – уәкілетті тұлғалардың кәсіби білімін жетілдіру, тауардың шығу тегін анықтау рәсімдерін дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру және сертификаттау қызметінің сапасын арттыру.