Түркістанда тауардың шығу тегін сертификаттау бойынша оқудың II легі басталды

21.09.2026
Түркістанда тауардың шығу тегін сертификаттау бойынша оқудың II легі басталды

Түркістан қаласында тауардың шығу тегін ресімдеу, растау және сертификат беру саласында қызмет атқаратын мамандар мен осы бағытта жұмыс істеуге ниетті кандидаттарға арналған оқу бағдарламасының II легі басталды.

Бес күнге жоспарланған оқу барысында қатысушылар тауардың шығу тегін айқындаудың негізгі қағидаларымен қатар, Қазақстан Республикасындағы преференциялық және преференциялық емес сауда режимдері, экспорттық және реэкспорттық тауарларға сертификат беру тәртібі, халықаралық сауда келісімдері, Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі және тауардың шығу тегін верификациялау мәселелері бойынша білімдерін жетілдіреді.

Изображение

Оқу бағдарламасы теориялық біліммен шектелмей, практикалық сабақтар мен электрондық сертификаттау жүйесінде жұмыс істеу бойынша демонстрацияларды қамтиды. Қатысушылар сертификаттарды ресімдеу тәртібімен, электрондық жүйелердегі жұмыс алгоритмдерімен және тауардың шығу тегін анықтаудың практикалық аспектілерімен танысады.

Сонымен қатар бағдарлама аясында Қазақстанның сауда саясаты, халықаралық келісімдердегі шығу тегін анықтау талаптары, мемлекеттік бақылау және қадағалау, сертификаттау саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық база бойынша дәрістер өткізіледі.

Изображение


Оқу соңында қатысушылар тестілеу және ауызша емтихан тапсырып, тауардың шығу тегін сертификаттау саласындағы кәсіби білімдері мен құзыреттерін қорытындылайды.


Айта кетейік, оқу бағдарламасы ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Тауардың шығу тегін сертификаттау департаментінің ұйымдастыруымен өткізіліп, сала мамандары мен тәжірибелі сарапшылар дәріс береді.

Изображение

Білікті маман – тауардың шығу тегін дұрыс айқындау мен кәсіпкерлерге сапалы қызмет көрсетудің маңызды кепілі.