ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ: САПА, САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

01.09.2026
ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ: САПА, САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР


2026 жылғы 21 тамызда «Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында педагогтердің облыстық тамыз кеңесі аясында секциялық отырыстар өтті.
«Адами капиталды дамыту – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбындағы 7-секция жұмысына Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Турсынова Жаухар Саматқызы қатысты.
Секция барысында Жаухар Саматқызы «Дуальды оқыту: колледж бен жұмыс беруші арасындағы тиімді әріптестіктің негізгі тетігі» тақырыбында баяндама жасап, дуальды оқытудың білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы маңызына тоқталды.