«Кәсіпкер әйел»: Ұлытау облысында әйелдер бухгалтерияны нөлден үйреніп, бизнесті жүргізудің негіздерін меңгеруде

03.09.2026
«Кәсіпкер әйел»: Ұлытау облысында әйелдер бухгалтерияны нөлден үйреніп, бизнесті жүргізудің негіздерін меңгеруде

Ұлытау облысында әйелдердің қаржылық және кәсіпкерлік сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ өз кәсібін дамытуға жағдай жасауға бағытталған «Кәсіпкер әйел» білім беру бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Тегін курстарға кәсіпкерлікпен айналысып жүрген және өз кәсібін ашуды жоспарлап отырған әйелдер қатысуда.

Оқыту бағдарламасы қатысушылардың тек теориялық білім алып қана қоймай, кәсіпкерлер күнделікті қызметінде кездесетін практикалық мәселелерді шешу жолдарын меңгеруіне мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылған. Курс аясында қатысушылар бухгалтерлік есеп жүргізу және бизнесті ұйымдастыру негіздерін меңгерді. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерді (ЖК) және жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) тіркеу, E-Gov.kz порталымен және онлайн-банкингпен жұмыс істеу, салық режимі мен бизнестің ұйымдық-құқықтық нысанын таңдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кезекті сабақ бизнестің маңызды бағыттарының бірі — қызметкерлермен еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес дұрыс рәсімдеуге арналды. Курс спикерлері еңбек шарттарын, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚС) жасасу және жүргізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. ️Қатысушыларға келісім-шарттың әрбір түрінің ерекшеліктері, оларды орындаудың негізгі талаптары түсіндіріліп, кәсіпкерлер жеке тұлғалармен бірлесе жұмыс істегенде назар аударатын маңызды жайттар айтылды.
Сабақтың жеке бір бөлігі жеткізушілермен және мердігерлермен жұмыс істеу мәселелеріне арналды.

 

Изображение

 

Изображение

 

Изображение

 

Изображение

 

ИзображениеИзображение