Кірпіш өндірісі мен қолөнерден бастап туризмге дейін: Мұратбек Маханов Көкшетау кәсіпорындары мен Бурабай курорттық аймағында болды
Ақмола облысына жұмыс сапары аясында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұратбек Маханов өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесіп, жергілікті жетекші өндірушілердің жұмысымен танысты, сондай-ақ Щучье-Бурабай курорттық аймағын аралады.
Сапар барысында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Өңірлік кеңес пен Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының ұжымына директордың міндетін атқарушы Ақылбек Смағұловты таныстырды.
Сонымен қатар Мұратбек Маханов өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Ат басын бұрған алғашқы нысан — Қазақстандағы керамикалық кірпіш шығаратын ең ірі кәсіпорындардың бірі «Енки» ЖШС болды.
Кәсіпорын — табысты индустрияландырудың айқын үлгісі. Оның өндірістік желілері заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған, ал зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 60 млн дана шартты кірпішті құрайды. Зауыт жергілікті саз балшықтан алынатын өз шикізатымен жұмыс істейді, бұл өнімнің жоғары сапасын, беріктігін және экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді. «Енки» керамикалық қатардағы және қаптауыш кірпіштері бүкіл еліміз бойынша ірі құрылыс нысандарына жеткізіледі, сондай-ақ шекаралас өңірлерге де табысты экспортталады. Сапар барысында Мұратбек Маханов автоматтандырылған технологиялық циклдің барлық кезеңдерімен — шикізатты дайындаудан бастап дайын материалды күйдіру мен тиеуге дейін егжей-тегжейлі танысты.
Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары сонымен бірге бірегей ағаш өңдеу кәсіпорны — «Блэк» ЖШС-да болды. Бұл жерде заманауи технологиялар қазақтың ұлттық қолданбалы өнері дәстүрлерін жаңғыртумен жарасымды ұштасқан.

Компания өңірдің төлқұжатына айналғаны қашан, оның өнімдері Ақмола облысынан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Шеберлер бағалы ағаш тұқымдарынан эксклюзивті ұлттық жиһаздар (асадал, кебеже), оймышталған интерьер декорын, сондай-ақ қолдан жасалған ағаш ыдыстарды — астау, тегене, пиала және ожау дайындайды. «Блэк» бұйымдары көркемдік орындалуы мен экологиялық тазалығы үшін жоғары бағаланады және жиі ресми әрі дипломатиялық сыйлықтар ретінде ұсынылады.
Мұратбек Маханов көкшетаулық өндірушілердің өнімдеріне үлкен қызығушылық танытып, «Блэк» ЖШС бұйымдарына ерекше тоқталды. Ол ұжымның шеберлігін және компанияның отандық брендті дамытуға әрі мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Кәсіпорындарды аралап шыққан соң, Мұратбек Маханов Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Жекелей тоқталсақ, жергілікті өндірушілердің өнімдерін өткізуге жәрдемдесу, сату арналарын кеңейту, тауарларды республикалық деңгейде ілгерілету және оларды жаңа нарықтарға шығару мәселелерімен егжей-тегжейлі айналысу тапсырылды.
Сол күні Мұратбек Маханов Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешовтің қатысуымен өткен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесіне қатысты. Кездесу аясында қатысушылар Щучье-Бурабай курорттық аймағында болып, бірқатар туристік нысандарды аралады және өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша басты міндеттерді талқылад