Бизнесті қорғау және ашықтық: БҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі отырысының қорытындысы

25.09.2026
Бизнесті қорғау және ашықтық: БҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі отырысының қорытындысы

Бизнесті қорғау және ашықтық: БҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңеесі отырысының қорытындысы

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. Кеңес мүшелері бизнестің өзекті мәселелері, соның ішінде техникалық шарттарды берудегі әкімшілік кедергілер, агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия төлемдерінің кешіктірілуі, сондай-ақ жуырда қабылданған заңнамалық реформалар аясында «Адал азамат» тұжырымдамасының қағидаттарын тәжірибеде қолдану мәселелері болды.

Басты тақырыптардың бірі – коллектордың жақын орналасуына байланысты «Батыс су арнасы» ЖШС-нен жер учаскесінің актісін келісуден бас тартуға тап болған «Project-Consulting Group-L» ЖШС-нің өтініші. Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес БҚО Прокуратурасына коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері әрекеттерінің заңдылығын тексеруді ұсынды, ал Кәсіпкерлер палатасына монополияға қарсы департаментке сауал жолдау және бейінді ведомстволардың қатысуымен нысанға бірлескен шығу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жағдай да үлкен алаңдаушылық тудырды. Кәсіпкерлер ағымдағы қаржыландыру жоспарының шектеулі болуына байланысты резервтік кезеңдерге ауыстырылатын gosagro.kz платформасындағы мақұлданған өтінімдер бойынша инвестициялық субсидиялардың уақтылы төленбеуі мәселесін көтерді. Өңір бюджетінде қаражат қалдығының болуына қарамастан, төлемдер маусым айынан бері кешіктірілуде. Осыған орай, Кеңес Ауыл шаруашылығы басқармасына мерзімдердің сақталуы үшін дербесс жауапкершілікті күшейтуді, ал БҚО Қаржы басқармасына АӨК субъектілері алдындағы қалыптасқан қаржылық берешекті жабу үшін қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесудің маңызды бөлігі «Адал азамат» тұжырымдамасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерге арналды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, мүдделер қақтығысын қатаң реттеуге және басшылық лауазымдарға тағайындау кезіндегі шектеулерді кеңейтуге бағытталған ауқымды түзетулер туралы айтып өтті. «Адал азамат» жай ғана моральдық бағдар емес, бұл мемлекеттік қызметшілер тек заң негізінде шешім қабылдайтын, ал бизнес адал әрі ашық бәсекелестік орнататын міндеттерді адал орындаудың қатаң қағидаты екені атап өтілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша барлық проблемалық кейстерді облыс басшылығын хабардар ете отырып, Кәсіпкерлер палатасының қатаң бақылауына алу туралы шешім қабылданды. Сарапшылар атап өткендей, бизнестің құқықтарын тиімді қорғау тек мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынас ашықтық, өзара құрмет және заңды бұлжытпай сақтау қағидаттарына негізделген жағдайда ғана мүмкін болады.

#БҚОкәсіпкерлерпалатасы #палатапредпринимателейЗКО #МаксатКуланбаев #МақсатҚұланбаев