Қаражалдағы бизнес мәселелері: кәсіпкерлер ұсыныстары назарға алынды
Өңірлік бизнеспен жұмыс жүргізу аясында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова мен директордың орынбасары Маржан Жауен Қаражал қаласына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс тобы Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Думан Букирбаев, каланың прокурорымен, және кәсіпкерлермен кездесті.
Палатаның Қаражал қаласындағы филиалының директоры Гаухар Отыншина филиалдың атқарған жұмысы туралы баяндады. Атап айтқанда, өнеркәсіптік кәсіпорындар басшыларының Палатаның Өңірлік кеңесімен кездесулері, проблемалық мәселелерді талқылау, сондай-ақ кәсіпкерлерге консультациялық қолдау көрсету және бизнес-жобаларды сүйемелдеу жұмыстары атап өтілді.
Кездесу барысында Қаражал кәсіпкерлері жұмыс барысында кездесетін бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, электр энергиясының жоғары тарифтері мен электрмен жабдықтаудағы үзілістер, ұялы байланыс пен интернеттің тұрақсыздығы, сумен жабдықтаудағы үзілістер, коммерциялық нысандардың нысаналы мақсатына қатысты және кредит алу мәселелеріндегі қиындықтар, білікті кадрлардың тапшылығы, рұқсат етілмеген сауда және ресми тіркелмеген кәсіпкерлік кызмет, POS-терминалдарға қызмет көрсету үшін алынатын жоғары комиссиялар, сондай-ақ салықтық жүктеме мәселелері айтылды.
Әкімдік өкілдері кәсіпкерлермен тығыз жұмыс жүргізіп отырғандарын және мүмкіндігінше өңірде бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға күш салып жатқанын атап өтті. Палата директоры Гүлмира Қаженова кездесудің қорытындысы бойынша кәсіпкерлер көтерген мәселелердің жұмысқа алынғанын атап өтті. Палата өзара тиімді шешімдер іздеу мақсатында мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жалғастырады.






