Бос нысандар – жаңа бизнеске мүмкіндік
Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Қаражал қаласында кәсіпкерлікті дамытуға перспективалы нысандарға бару ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – пайдаланылмай тұрған және бос нысандарды жаңа кәсіпкерлік жобаларды іске асыру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және қосымша жұмыс орындарын құру үшін пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Қаражал қаласында кәсіпкерлікті дамытуға перспективалы нысандарға бару ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – пайдаланылмай тұрған және бос нысандарды жаңа кәсіпкерлік жобаларды іске асыру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және қосымша жұмыс орындарын құру үшін пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру. Жұмыс сапары аясында шұжық және сүт цехтарын ашу, гидропоника жобасын іске асыру, пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу, тұрмыстық химия өнімдерін өндіру және кафе ашу жобаларын жүзеге асыруға арналған пайдаланылмай тұрған өндірістік үй-жайлар қаралды.






