«Атамекен» ҰКП: құқықтық мәдениет пен комплаенс заманауи іскерлік ортаның ажырамас бөлігіне айналуы тиіс

29.09.2026
«Атамекен» ҰКП: құқықтық мәдениет пен комплаенс заманауи іскерлік ортаның ажырамас бөлігіне айналуы тиіс

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту және корпоративтік мәдениетті дамыту: комплаенс қызметтерінің рөлі» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдар, сарапшылар және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова заманауи бизнес жүргізу мәдениетін қалыптастыру «Заң мен Тәртіп» қағидатымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Ұлттық палата кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды олардың құқықтық сауаттылығын арттырумен және жауапты бизнес жүргізу қағидаттарын ілгерілетумен ұштастыра отырып, аталған қағидатты іске асыруға қатысуда.

Изображение

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Палатаға кәсіпкерлерден 1 700-ден астам өтініш келіп түсті, оның 800-ден астамы оң шешімін тапты. Бизнестің шамамен 26,6 млрд теңге сомасындағы мүліктік құқықтары қорғалды.

ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық ағартуға да ерекше көңіл бөледі. Шілде айында Палата тұрақты жұмыс істейтін вебинар алаңын іске қосты. Оның аясында адвокаттармен, заңгерлермен және бейінді мамандармен кездесулер өткізіледі.

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл да дамып келеді. Маусым айында Ұлттық палата Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарының қатарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бар.

Маңызды бағыттардың бірі – адал және жауапты кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатта бизнесті адал жүргізу, іскерлік әдеп және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған «Адал кәсіпкер» жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл жұмыста комплаенсті тәуекелдер мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың, іскерлік беделді қорғаудың және бизнеске деген сенімді нығайтудың практикалық құралы ретінде дамытуға ерекше мән беріледі. Осы бағытта ҰКП Комплаенс және іскерлік әдеп қауымдастығымен ынтымақтастықты дамытып келеді. Тараптар тиісті Меморандумға қол қойған.

«Біз үшін «Заң мен Тәртіп» – түсінікті ережелер, қорғалған құқықтар және бизнестің заңға жауапкершілікпен қарауы. Дәл осындай тәсіл мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді нығайтады», – деп атап өтті Г. Бижанова.

Изображение

Диалог алаңының қорытындысы бойынша қатысушылар комплаенс-мәдениетті одан әрі дамыту, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерінде мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту қажеттігін атап өтті.

Изображение