«Атамекен» ҰКП-да климаттық жобаларды іске асыру және көміртегі бірліктерін монетизациялау мәселелері талқыланды

30.09.2026
«Атамекен» ҰКП-да климаттық жобаларды іске асыру және көміртегі бірліктерін монетизациялау мәселелері талқыланды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Өнеркәсіптік кәсіпорындарына арналған климаттық жобалар: Париж келісімінің 6-бабы, жобаларды мақұлдау тәртібі және көміртегі бірліктерін монетизациялау» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, NDC Partnership-тің, халықаралық компаниялардың, салалық қауымдастықтар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Негізгі назар Қазақстанда климаттық жобаларды іске асырудың құқықтық және экономикалық шарттарына аударылды. Көміртек нарықтарының жұмыс істеу тетіктері мен қолжетімді қаржыландыру көздерінен бастап, жобаларды мақұлдау тәртібі және оларды өндірісте іс жүзінде енгізуге дейінгі мәселелер қамтылды. Сонымен қатар кәсіпорындардың көміртек бірліктерінен табыс табу тетіктері жеке талқыланды.

Изображение

«Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін декарбонизация бүгінде экологиялық стандарттарға сәйкес болуы мәселесі ғана емес. Бұл – тікелей экономикалық тиімділік пен инвестициялық мүмкіндіктер. Париж келісімінің 6-бабы қазақстандық бизнеске халықаралық көміртек нарығына шығуға жол ашады», – деп атап өтті өз сөзінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Аслан Қалиғазин.

Семинар жұмысы көміртек нарықтары мен климаттық қаржыландыруға шолу жасаудан басталды. Көміртек бірліктерінің түрлері, оларды кәсіпорындарда пайдалану мүмкіндіктері, сатып алушылар қоятын талаптар, сондай-ақ климаттық жобаларды қаржыландырудың халықаралық және ұлттық көздері таныстырылды.

Екінші блок мемлекеттік реттеу мәселелеріне арналды. Париж келісімінің 6.2 және 6.4-баптарының тетіктері, сондай-ақ 2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне климаттық жобаларды тіркеу және көміртек бірліктерін авторизациялау бөлігінде енгізілген өзгерістер қарастырылды. Өз кезегінде Палатаның Басқарушы директоры – Экология және тұрақты даму департаментінің директоры Әсел Ынтымақова жобаларды мақұлдау критерийлері мен қарсылықтың жоқтығы туралы хат алу тәртібін таныстырды.

Изображение

«Бұл тетік бизнеске нақты табыс әкелуі үшін жоба тұжырымдамасын әзірлеуден және Экология министрлігінің мақұлдауын алудан бастап, халықаралық стандарттарға сәйкес валидация мен верификациядан өтуге дейінгі айқын әрі түсінікті алгоритмдер қажет. Дәл осы себеппен «Атамекен» ҰКП бастамасымен бүгінгі іс-шара ұйымдастырылды», – деп атап өтті Аслан Қалиғазин.

Семинардың қорытынды бөлімінде Valor Carbon, Ampere және Carbon OxyTech компанияларының халықаралық сарапшылары баяндама жасады. Мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, энергетика және аграрлық секторларда іске асыруға болатын жобалардың түрлері қарастырылды. Олардың қатарында метан шығарындыларын және газды алауда жағуды қысқарту, энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, CCUS технологияларын енгізу, орман өсіру, биокөмір өндіру және қалдықтарды кәдеге жарату жобалары бар. Сондай-ақ мұндай жобалардың экономикасы, соның ішінде шығындар, қаржыландыру көздері, табыс пен тәуекелдерді бөлу мәселелері жеке талданды.

Бұдан бөлек, халықаралық валидация және верификация органы «Жобаның өмірлік циклі: тұжырымдамадан валидация, верификация және көміртек бірліктерін шығаруға дейін» тақырыбында баяндама ұсынды. Верификаторлар қоятын талаптарға және жобаларды іске асыру мерзімдеріне әсер ететін факторларға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар көміртек құрамды шикізатты жақпай өңдеп, қосылған құны жоғары өнімдер өндіруге мүмкіндік беретін канадалық технология таныстырылды.

Изображение

Семинар қорытындысы бойынша кәсіпорындар қандай жобаларды климаттық жоба ретінде іске асыруға болатыны және оларды мақұлдау үшін қандай талаптар қойылатыны жөнінде түсінік алды. Әр кезеңде туындайтын шығындар мен тәуекелдер, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру тарту немесе қосымша табыс алу құралы ретінде пайдалану мүмкіндіктері айқындалды.

Қорытындылай келе, Ұлттық палата климаттық инвестициялық жобаларды одан әрі қолдау және сүйемелдеу мақсатында бизнес, мемлекеттік органдар мен сарапшылар арасындағы өзара іс-қимыл үшін конструктивті алаң ұсынуға дайын екенін растайды.