Түркістанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 20 филиалы арасында өткен 5-ші жыл сайынғы футбол турнирі өз мәресіне жетті!
Түркістанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 20 филиалы арасында өткен 5-ші жыл сайынғы футбол турнирі өз мәресіне жетті!
Турнирге Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының ерлер командасы мен Палатаның Өңірлік кеңесінің мүшелеріда қатысты. Команда өңіріміздің атынан қатысып, үлкен спорттық шараның бір бөлігі болды.
Футбол — бұл тек спорт қана емес, сонымен қатар командалық рух, өзара қолдау және ортақ мақсатқа ұмтылу. Осындай кездесулер ұжымдарды біріктіріп, достық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның барлық филиалдары арасында бірлік пен ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.
Турнирді ұйымдастырушыларға осындай тамаша спорттық шара өткізіп, әріптестермен кездесіп, пікір алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз!
