Ұлытауда «Бал Бала» жекеменшік балабақшасы ашылды

15.09.2026
Ұлытауда «Бал Бала» жекеменшік балабақшасы ашылды

Жаңа ашылған «Бал Бала» жекеменшік балабақшасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын негізгі талаптарға сәйкес келеді. Балабақшада балалардың қауіпсіздігіне, жан-жақты дамуына және сапалы білім алуына қажетті жағдайлар қарастырылған.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған нысан мектепке дейінгі білім беру саласындағы жеке сектордың дамуына және ата-аналар үшін балабақша таңдау мүмкіндігін кеңейтуге үлес қосады. ️Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар бастамаларын қолдайды және білім беру саласында сапалы қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлік субъектілерімен әріптестікті жалғастыра береді. «Бал Бала» балабақшасының ұжымына сәттілік, ал бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тілейміз!

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображение