Ұлытау облысында жаңа инвестициялық жоба – «Voyage» қонақ үйі ашылды
Ұлытау облысында жаңа инвестициялық жоба – «Voyage» қонақ үйі ашылды. Жобаның негізін қалаушылар: жергілікті кәсіпкер Олег Ярмак және түркиялық инвестор Ахмет Север.
Қонақ үйде стандарт, жартылай люкс және люкс санатындағы 40 нөмір бар. ️Салтанатты iс-шараға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Каженова, сондай-ақ өңірдегі банк және қаржы институттарының басшылары қатысты.
Креативті индустрияны қолдауға да ерекше назар аударылған. Қонақ үйде «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың сувенирлік өнімдері ұсынылады. Бұл жергілікті өндірушілерге өз өнімдерін өңір қонақтарына таныстырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді. ️Инвестициялық жобаның іске асырылуы туристік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Ұлытау облысының туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етіп, өңірдің туристік және экономикалық әлеуетін нығайтады.


