Ұлытау облысында Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесу өтті.

17.09.2026
Ұлытау облысында Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесу өтті.

Ұлытау облысында Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесу өтті. Іс-шараға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалым Кәріпбаев, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жергілікті бизнес өкілдері, сондай-ақ өңір аумағында инвестициялық жобаларын іске асырып жатқан кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында қытайлық инвесторлардың облыс әкімдігімен және жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастығын дамыту жолдары талқыланды. Қытайлық инвесторлар қаланы жаңғырту және оның инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ тау-кен және металлургия салаларындағы өнімдерді қайта өңдеу бағытындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Кездесуден кейін жергілікті кәсіпкерлер мен инвесторлар B2B форматында келіссөздер жүргізіп, алдағы іскерлік байланыстарды орнату мақсатында байланыс деректерімен алмасты.

 

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображение