«Табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық челлендж

19.09.2026
«Табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық челлендж

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы Ұлытау облысының прокуратурасы жолдаған «Табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық челленджін қабылдады.

Акция аясында Палата ұжымы Кенгір су қоймасының жағалауында орналасқан жаңа мешіттің аумағына өрік сүйектерін отырғызды. Акцияның мақсаты – табиғатты аялауға, аумақтарды көгалдандыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық қозғалысқа қосылу. Табиғатқа жасалған әрбір қамқорлықтың маңызы зор. Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпкерлерін экологиялық бастамаларды қолдауға және туған өлкенің табиғатын сақтауға өз үлестерін қосуға шақырады. Табиғатқа мүмкіндік берейік!

Изображение