«Жаңа технология – жаңа дағды»

20.09.2026
«Жаңа технология – жаңа дағды»

"️10 күнд өндірісте" онкүндігі аясында Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің «Тігін өндірісі және киім дизайнын» мамандығында оқитын студенттеріне өндірісте қолданылатын заманауи технологияларды таныстыру мақсатында «Ютария» ЖШС өндірістік алаңында тәжірибелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алып жатқан колледж студенттері, өндірістік оқыту шеберлері және кәсіпорынның мамандары қатысты.

Кездесу барысында студенттер кәсіпорында қолданылатын заманауи автоматтандырылған және цифрландырылған жабдықтармен, өндірістік процестермен және технологиялық шешімдермен танысып, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде көрді. Іс-шара барысында өндірісті цифрландыру және автоматтандыру, робототехника, жасанды интеллект элементтері, заманауи жабдықтар, сандық басқару жүйелері, бағдарламалық қамтамасыз ету және өндірістік ақпараттық жүйелер сияқты бағыттарға ерекше назар аударылды.

Кәсіпорын мамандары студенттерге заманауи жабдықтардың жұмыс принциптерін түсіндіріп, өндірісте қолданылатын технологиялармен таныстырды. Сонымен қатар, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби және цифрлық дағдыларға қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Мұндай кездесулер студенттерге нақты өндірістік ортаға еніп, колледжде алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, замkанауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және жұмыс берушілердің болашақ мамандарға қоятын талаптарын түсінуге мүмкіндік береді. Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы үшін колледждер мен кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайту, дуальды оқытуды дамыту және еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне сәйкес кадр даярлау – маңызды бағыттардың бірі. Өйткені қазіргі өндіріс жаңа технологияларды меңгерген, цифрлық сауатты және практикалық дағдылары қалыптасқан мамандарды қажет етеді.

Жаңа технология – жаңа дағды – білікті маман!

ИзображениеИзображение

 

ИзображениеИзображениеИзображение