Қарсақпай мыс қорыту зауытына жұмыс сапары

23.09.2026
Қарсақпай мыс қорыту зауытына жұмыс сапары

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының жұмыс тобы көшпелі жұмыс сапары аясында Қарсақпай агротехникалық колледжіне және Қарсақпай мыс қорыту зауытына барды. Сапардың негізгі мақсаты — зауыт басшылығына дуалды оқыту жүйесін түсіндіру, әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу жасау және кәсіпорынды колледжбен дуалды оқыту бойынша ресми шарт жасасуға бағыттау, сондай-ақ тараптар арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды.

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының жұмыс тобы көшпелі жұмыс сапары аясында Қарсақпай агротехникалық колледжіне және Қарсақпай мыс қорыту зауытына барды. Сапардың негізгі мақсаты — зауыт басшылығына дуалды оқыту жүйесін түсіндіру, әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу жасау және кәсіпорынды колледжбен дуалды оқыту бойынша ресми шарт жасасуға бағыттау, сондай-ақ тараптар арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды.Бүгінде колледж сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар даярлайды. Атап айтқанда: «Ветеринария», «Есеп және аудит», «Экология және табиғатты қорғау қызметі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану».

Әрбір білім беру бағыты практикалық және зертханалық сабақтар өткізуге арналған арнайы жабдықталған жеке блоктармен қамтамасыз етілген.

Басым бағыттардың бірі – теориялық дайындықты кәсіпорындардағы практикалық оқытумен ұштастыратын дуальды оқытуды енгізу. Бұл бағытта колледж бен өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары, оның ішінде Қарсақпай мыс қорыту зауыты арасында тығыз ынтымақтастық орнату маңызды қадам болады.

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен бизнес арасындағы өзара байланысты дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда

Изображение

 

ИзображениеИзображение

 

Изображение