Кәсіпорын маманы – сарапшы

23.09.2026
 Кәсіпорын маманы – сарапшы

Республикалық «Өндірісте 10 күн» акциясы аясында Тау-кен металлургиялық колледжінде «Токарлық іс» мамандығын таңдаған болашақ мамандар үшін өндіріс өкілімен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасының еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Таубаева Индира Ункеновна арнайы шақырылды.
Индира Ункеновна студенттермен өндірістегі тәжірибесімен бөлісіп, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ токарь мамандығының өндірістегі маңызы, жұмыс ортасының ерекшеліктері және кәсіби дағдыларды қалыптастыру жолдары туралы пайдалы ақпарат берді. Кездесу соңында студенттерді кәсіпорында өндірістік практикадан өтуге шақырып, нақты өндіріс жағдайында тәжірибе жинақтауға және кәсіби шеберліктерін дамытуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Өндіріс маманының тәжірибесі – болашақ маманның кәсіби жолындағы маңызды бағыт!

 

Изображение