Түркістанда бірыңғай есеп беру күні өтті

24.09.2026
Түркістанда бірыңғай есеп беру күні өтті

Бүгін, 24 қыркүйек күні Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында Бірыңғай есеп беру күні өтті.

Іс-шараның ашылуында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбеков сөз сөйлеп, өңірдегі кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және бақылау-қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды.

Жиынға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асылан Ибадуллаев қатысып, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Зухра Амирова кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Изображение

Бірыңғай есеп беру күні аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының өкілдері өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша есеп беріп, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді.

Іс-шараға Түркістан облысының прокуратурасы, мемлекеттік кірістер, төтенше жағдайлар, еңбек және әлеуметтік қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық реттеу және метрология, әділет, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау, ішкі мемлекеттік аудит, экология және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Изображение

Басты мақсат – бизнес пен мемлекет арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты нығайтып, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай қалыптастыру.

ИзображениеИзображение