Түркістанда өндіріс қуаты артып келеді: Аслан Калигазин өңірдегі бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты

17.09.2026
Түркістанда өндіріс қуаты артып келеді: Аслан Калигазин өңірдегі бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Аслан Ермекұлы Калигазин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі бірқатар өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмысымен танысты.

Жұмыс сапарын «Атамекен» ҰКП-ның Түркістан облысы бойынша өңірлік палатасы ұйымдастырды. Екі күн ішінде делегация Түркістан қаласы, Кентау қаласы, Сауран, Түлкібас және Сайрам аудандарындағы кәсіпорындарды аралады.

Алғашқы күні Шаға ауылындағы өндірістік паркке барған делегация «Жасыл Суық Қазақстан» («UBC BG») ЖШС, «БНК Агро» ЖШС және «Аватар Технологис» ЖШС кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Мұнда өндірістік және ауыл шаруашылығы бағытындағы жобалар, сүт өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу, сондай-ақ заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктері таныстырылды.

Изображение

Кентау қаласында «China Power Energy» ЖШС электр станциясының өндірістік қызметі мен «БНК Агро» ЖШС сүт-тауар фермасының жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар «TURAN» арнайы экономикалық аймағындағы жобаларға назар аударылды. Мұнда «Kentau Cable Industries» ЖШС оптикалық кабель өндірісін, ал «ElectroCore» ЖШС электр жабдықтарына арналған металл шкафтар өндірісін жүзеге асыруда.

Кентаудағы сапар барысында «Эластополимет» ЖШС-нің резеңке-техникалық және полиуретанды бұйымдар өндіру жобасы, сондай-ақ «ГРК Металаоинвест» ЖШС-нің «Аңсай» кен орнында барит өндіру жобасы таныстырылды.

Изображение

Сауран ауданында делегация «Идеал Туркестан» ЖШС-нің жиһаз өндіру кәсіпорнына барып, өндірістік процеспен және кәсіпорынның даму жоспарларымен танысты.

Изображение

Сапардың екінші күнінде Түлкібас ауданындағы «Инновациялық кешен «Састөбе»» ЖШС өндірісі және «KazAgroVision» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу жобасы қаралды.

Сайрам ауданында «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің ет өндіру және қайта өңдеу кәсіпорны мен «RED GOLD» ЖШС-нің заманауи мал саудасы инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған жобасы таныстырылды.

Изображение

Жұмыс сапарының соңғы нысаны «ПГУ Туркестан» ЖШС болды. Делегация қуаты 1000 МВт парогаз қондырғысы негізіндегі электр станциясы құрылысының іске асырылу барысымен танысты.

Изображение

Жалпы, сапар барысында өңір экономикасының түрлі салаларын қамтитын өндірістік жобалар ұсынылды. Кәсіпорындардың өндірістік қуаты, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, технологиялық мүмкіндіктері және одан әрі даму перспективалары талқыланды.

Изображение

«Атамекен» ҰКП-ның Түркістан облысы бойынша өңірлік палатасы кәсіпкерлер мен инвесторлардың жобаларын сүйемелдеу, бизнестің мәселелерін шешуге ықпал ету және өңірдегі өндірістік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.