«Атамекеннің» Өңірлік кеңесі өнеркәсіп, құрылыс және креативті бизнеске арналған шешімдерді талқылады
1 қазанда Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде өнеркәсіпке мемлекеттік қолдау көрсету, құрылыс жобаларының сапасы және креативті бизнесті дамыту мәселелері талқыланды.
Өңірлік кеңес мүшесі Алма Қараш «Атамекеннің» өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Атап айтқанда, QazIndustry арқылы жабдық сатып алуға қолдау ала алмаған кәсіпорынның жағдайы қаралды. Қолдау талаптары өндірістің нақты жағдайы мен даму серпінін ескеруі қажет.

Қазақстан жобалаушылары республикалық одағының басшысы Мюаш Бисарова жобалық құжаттамада құрылыс материалдары мен жабдықтарының нақты сипаттамаларын сақтау мәселесін көтерді. Сондай-ақ «Қазақфильм» аумағында креативті хаб құру ұсынысы талқыланды.

Өңірлік кеңес кәсіпкерлердің ұсыныстарын біріктіріп, бизнестің дамуы мен Алматының іскерлік ортасын жақсартуға бағытталған шешімдерді ілгерілету жұмысын жалғастырады.