Бизнес-омбудсменнің «қылмыстық» және «ұйымдасқан» топ ұғымдарын нақтылау жөніндегі бастамалары Әділет министрлігінде пысықталады

02.10.2026
Бизнес-омбудсменнің «қылмыстық» және «ұйымдасқан» топ ұғымдарын нақтылау жөніндегі бастамалары Әділет министрлігінде пысықталады

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (ҚР ПӘ) Қазақстанның Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Қанат Нұровтың «қылмыстық топ» және «ұйымдасқан топ» ұғымдарын заңнамалық тұрғыдан нақтылау қажеттігі туралы ұсыныстарын қолдап, оларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (ӘМ) Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің (ҚК, ҚПК) жаңа редакциялары шеңберінде пысықтау үшін жолдады.

Бизнес-омбудсмен атап өткендей, кәсіпкерлер экономикалық құқық бұзушылықтарды адамдар тобымен жасаған кезде ҚР ҚК-нің 262-бабы (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым) бойынша қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылуы мүмкін. ҚК-нің 3-бабы 36) тармағында «ұйымдасқан топ» ұғымының көмескі анықталуы 262-бапты бизнеске қысым жасау құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, өйткені ол кәсіпкерлерді қамауға алу және экономикалық құқық бұзушылық бойынша негізгі айыпты мойындату мақсатында оларға қысым жасау үшін қолданылады.

Бұған дейін Бизнес-омбудсменнің ұстанымын Конституциялық Сот (КС) қолдап, заңды коммерциялық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің экономикалық құқық бұзушылықтарын қылмыстық топтардың құқыққа қайшы қызметінен ажырату қажеттігін көрсеткен болатын. Осы ұсынымды іске асыру аясында Қанат Нұров ҚР Ішкі істер министрлігімен, ҚР Әділет министрлігімен, ҚР Бас прокуратурасымен, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде «қылмыстық» және «ұйымдасқан» топ ұғымдарын заңнамалық тұрғыдан нақтылау бойынша жұмысты бастады.

 ҚР ҚК-нің 31-бабында бастапқыда қылмыстық мақсатпен құрылмаған бизнестің ұйымдық құрылымдарын ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) белгілеріне жатқызуға тыйым салынғанына қарамастан, Бизнес-омбудсменге және «Атамекен» ҰКП-ға кәсіпкерлердің ҰҚТ құруға ниеті болғанын дәлелдейтін айғақтар болмаған жағдайда 262-бап бойынша жауаптылыққа тартылу фактілері туралы өтініштер әлі де түсуде. Бұл тыйым бизнестің топ құрамында жасалған топтық экономикалық құқық бұзушылықтарын «қылмыстық топ құрамында» және/немесе «ұйымдасқан топ құрамында» деп құқықтық саралау мәселесін шешпейді, өйткені ол кәсіпорынның жалпы мағынадағы қылмыстық мақсатымен байланыстырылған және ҰҚТ құрудың өзіндік мақсатына қатысты емес, сондай-ақ заңды тұлғалар ретінде кәсіпорындарға қатысты қолданылады, ал ҰҚТ құрған жеке тұлғаларға қатысты қолданылмайды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың 9 айында ҚР ҚК-нің 262-бабы бойынша 112 қылмыстық іс тіркелген, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (74 іс) 51%-ға көп. Соттар 81 адамға қатысты айыптау үкімін шығарған (2024 жылы – 40 адам), оның ішінде 7 адам кәсіпкерлік қызмет саласында (2024 жылы – 6 адам).

Бизнес-омбудсмен көрсетіп отырған негізгі заңнамалық проблема ҚР ҚК-нің 3-бабы 24) тармағында көзделген, оның ішінде ҰҚТ-ны қоса алғанда, кәдімгі қылмыстық «адамдар топтарын», оның ішінде алдын ала сөз байласу арқылы әрекет ететін топтарды, «қылмыстық топтардан» нақты ажыратудың болмауына байланысты.

ҚР ҚК-нің 3-бабы 24) тармағында бекітілген «қылмыстық топ» ұғымында дербес мазмұнды анықтама жоқ және ол аса қауіпті қылмыстық топтардың түрлерін ғана тізбектейді, олардың алғашқысы – «ұйымдасқан топ». Ал ҚР ҚК-нің 3-бабы 36) тармағындағы «ұйымдасқан топ» ұғымы, негізінен, топтың тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын техникалық термин болып табылады. Нәтижесінде нақты «қылмыстық топ» терминінің құрамына абстрактілі «ұйымдасқан топ» ұғымы енгізілген, бұл адамдар тобы жасаған кез келген құқық бұзушылықты кеңейтілген түсіндіру арқылы ҰҚТ ретінде саралауға мүмкіндік береді.

 Қылмыстың «адамдар тобында» жасалғаны туралы айтылған кезде, кейіннен кез келген қылмыстық топты ҚР ҚК-нің 3-бабы 24) тармағындағы «қылмыстық топ» ұғымымен теңестіру және оны ҚР ҚК-нің 3-бабы 36) тармағында құқық бұзушылық жасау үшін алдын ала біріккен 2 және одан да көп адамның тұрақты тобы ретінде тым кең анықталған «ұйымдасқан топқа» теңестіру орын алады. Дәл осылай кез келген «адамдар тобы» «ұйымдасқан топқа» (ҰҚТ) айналады.

 Осыған байланысты Бизнес-омбудсмен осы құқықтық белгісіздікті жою мақсатында ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысына терминдерді өзгерту туралы ұсыныспен жүгінді:

  • «қылмыстық топ» терминін «қылмыстық бірлестік» терминіне ауыстыру және оны азаматтар мен ұйымдарға бейресми деструктивті ықпал немесе өзге де мәжбүрлеу күші бар аса қауіпті қылмыстық топ ретінде айқындау;

  • «ұйымдасқан топ» терминін «ұйымдасқан қылмыстық топ» терминіне ауыстыру және оны криминалдық, көлеңкелі және өзге де кәсіпорындарға құқыққа қайшы бақылау жасау арқылы қаржылық және өзге де материалдық пайданы жүйелі түрде алу мақсатында ғана құрылған жеке тұлғалардың қылмыстық бірлестігі ретінде айқындау.

Аталған түзетулер құқық қорғау органдарына, Бас прокуратураға және ҚР Жоғарғы Сотына осыған сәйкес кәсіпкерлердің «адамдар тобымен» жасаған экономикалық құқық бұзушылықтарын ҰҚТ ретінде саралау тәсілдерін қайта қарауға мүмкіндік беретін неғұрлым нақты заңнамалық негіз қалыптастыруға, сол арқылы Конституциялық Сот ұсынымдарының толыққанды іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Бизнес-омбудсменнің ұсыныстары ҚР Әділет министрлігінде ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінің жаңа редакциялары шеңберінде пысықталатын болады.