Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық балалар стоматологиялық поликлиникасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қайта ұйымдастыру туралы
Жария талқылау мақсатында жергілікті атқарушы орган — Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының Атырау облысы, Атырау қаласы, Островский көшесі, 4А мекенжайында орналасқан «Атырау облыстық балалар стоматологиялық поликлиникасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын денсаулық сақтау саласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (бұдан әрі — Кәсіпорын) қайта ұйымдастыру туралы сұрауы орналастырылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты азаматтардың денсаулығын қорғау болып табылады.
Жарғы жобасына сәйкес Кәсіпорынның келесі қызмет түрін жүзеге асыруы жоспарлануда:
Негізгі қызмет түрі: балаларға стоматологиялық қызметтер көрсету (ЭҚЖЖ: 86.23).
Кәсіпорынның құрылтайшысы — «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда оларды Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасына электрондық пошта арқылы: legalprotection.guw@atameken.kz жолдауыңызды сұраймыз.