Павлодарлық «Атамекен» палатасы «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нің 32 тәлімгерін оқытты

06.10.2026
Павлодарлық «Атамекен» палатасы «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нің 32 тәлімгерін оқытты

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нің өтінімі бойынша «Тәлімгерлік мектебі» жобасы аясында Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы тәлімгерлерді оқытуды ұйымдастырды. Кәсіпорынның 32 қызметкері аталған курстан өтіп, нәтижесінде тиісті сертификаттарға ие болды.

Изображение

Оқу бағдарламасы жеке тұлғалық құзыреттерді дамыту, ересектерді ынталандыру, жанжалдарды басқару және проблемалық жағдайларды шешу, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер мен жұмыс орнында оқытуды ұйымдастыру мәселелерін қамтыды.

«Курстың бірінші күнінде жеке тұлғалық құзыреттерді арттыру және жанжалдарды басқару мәселелері бойынша оқыту жүргіздік. Екінші күні нормативтік-құқықтық базаны қарастырып, «Өндірістегі тәлімгер» кәсіби стандартын талдадық. Менің ойымша, осында, өндірісте жұмыс істейтін барлық қызметкерлер үшін әрдайым мансаптық өсуге мүмкіндік бар. «Тәлімгерлік мектебі» мамандардың өз білімдерін үнемі жетілдіруіне бағыт беретіндіктен, сіздердің еңбек етуге және тәлімгер болуға деген ынталарыңыз артты деп сенеміз», – деді оқудан өткен тәлімгерлерге Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Абылгазина.

Изображение

Ол қызметкер жақсы табыс тауып, жақсы өмір сүргісі келсе, ең алдымен өз өнімділігін арттыруы қажет екенін атап өтті. Ол үшін адам бірінші кезекте өзін, сондай-ақ өз құзыреттері мен ойлау қабілетін жетілдіруі керек.

Ажар Абылгазина барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, тәлімгерлердің барлығы өте жауапты әрі кәсіби мамандар екенін атап өтті. Сондай-ақ ол РПП «Атамекен» көптеген басқа мәселелер бойынша ұзақ уақыттан бері ынтымақтастық орнатып келе жатқан «Компания Нефтехим LTD» ЖШС басшылығына ризашылығын білдірді.

Изображение

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам 2019 жылдан бастап РПП «Атамекен» дуальды оқытуға белсенді қатысатын кәсіпорындар үшін «Тәлімгерлік мектебін» дамытып келе жатқанын атап өтті.

«Ұлттық палата тәлімгерлерді даярлау бағдарламасы мен тәлімгерлік саласындағы кәсіби стандартты әзірледі. Бүгінде Павлодар облысында өндірістің 400-ге жуық тәлімгері сертификатталған. Қатысушыларға белсенділігі, кәсібилігі және жоғары деңгейдегі белсенді атсалысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!» – деді Айдос Шайхислам.

Изображение

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС дуальды оқытуды дамыту мәселелері бойынша Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста жұмыс істейді. РПП «Атамекен» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен дуальды оқыту туралы келісімшарт жасасқан кәсіпорындардың тәлімгерлеріне оқыту семинарларын тегін өткізеді.

«Кәсіпорнымыздың базасында өткен курс көп нәрсе берді. Мысалы, кәсіби шеберлігімізді тағы бір мәрте шыңдауға мүмкіндік алдық», – деді «Компания Нефтехим LTD» ЖШС бас директоры.

«Тәлімгерлік мектебінің» мақсаты – кәсіпорындардың кадр саясатының маңызды элементі ретінде тәлімгерлік институтын дамыту. Тәлімгерлік жаңа қызметкерлердің бейімделуі мен оқытылуына, кадрлардың тұрақсыздығын төмендетуге және қызметкерлердің кәсіби әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Изображение