«Алатау» қонақ үйі» АҚ-ны қайта ұйымдастыру (қайта құру) жолымен «Алатау» қонақ үйі» ЖШС-ін құру туралы

06.10.2026
«Алатау» қонақ үйі» АҚ-ны қайта ұйымдастыру (қайта құру) жолымен «Алатау» қонақ үйі» ЖШС-ін құру туралы

Қоғамдық талқылау өткізу мақсатында жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуы бар «Алатау» қонақ үйі» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру (қайта құру) жолымен «Алатау» қонақ үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы сұрау орналастырылады.

«Алатау» қонақ үйі» ЖШС-ін құру активтерді басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Алатау» қонақ үйі» ЖШС қызметінің негізгі түрлері:

1) жылжымайтын мүлікті басқаруды қамтамасыз ету (жылжымайтын мүлікті жалға беру, пайдалану, күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру);

2) Түркия Республикасында қонақ үй және туристік қызметтер көрсету саласында халықаралық қызметті жүзеге асыру.

Құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі.

 

Ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, оларды a.absalyam@atameken.kz электрондық пошта мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз.