«Атамекен» ҚР ҰКП Съезі 2026 жылғы 25 қарашада өтеді
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) ҚР ҰКП Төралқасы ҚР ҰКП Съезін шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
ҚР ҰКП Съезі 2026 жылғы 25 қарашада сағат 10:00-де өтеді (тіркелу: 09:00-ден 10:00-ге дейін).
Съезді өткізу формасы: бетпе-бет.
Өтетін орны: «Конгресс орталығы», Астана қ., Г. Әлиев көшесі, 12.
Күн тәртібінің жобасы:
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
2025-2026 жылдардағы қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту туралы.
2. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы құрамының кейбір мәселелері туралы.
3. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тексеру комиссиясының 2025 жылғы жылдық есебін бекіту туралы.
4. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Тексеру комиссиясы құрамының кейбір мәселелері туралы.
5. Әр түрлі:
5.1. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар электрондық байланыс арқылы Съезд өткізілетін күнге дейін қосымша Съезге қатысушылардың атына жолданады.
ҚР ҰКП Съезінің күні, уақыты, форматы және өткізілетін орны, сондай-ақ ұсынылатын күн тәртібі өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат ҚР ҰКП
интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 91-93-90, 1432.