«Атамекенде» кеден өкілдерінің қызметі саласында өзін-өзі реттеуді дамыту мәселелері талқыланды

07.10.2026
«Атамекенде» кеден өкілдерінің қызметі саласында өзін-өзі реттеуді дамыту мәселелері талқыланды

«Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселелері жөніндегі Комитеттің кеден өкілдері (брокерлері) қызметі саласында өзін-өзі реттеуді дамытуға арналған отырысы өтті. Отырысқа аталмыш Комитеттің төрағасы Асланбек Жақыпов арнайы қатысты.

Кедендік өкілдік саласында жұмыс істейтін бизнес өкілдерінің және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қатысуымен өткен жиында өзін-өзі реттеуді дамыту, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың (ӨРҰ) стандарттарын қолдану, сондай-ақ, кәсіби қоғамдастықтың мемлекеттік органмен өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.

Бизнес өкілдері ерікті өзін-өзі реттеуді дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, кедендік қызметтердің сапасын арттыруға және мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған қағидалар мен стандарттар әзірленді.

Сонымен қатар, стандарттарды тіркеу мәселелері әлі де реттелмеген, ал, құжаттардың жекелеген ережелері бойынша мемлекеттік органмен келіспеушіліктер сақталуда. Отырыс барысында қатысушылар қолданыстағы мәселелерді және кәсіби қоғамдастықтың ұсыныстарын қарау бойынша одан әрі қадамдарды талқылады.

Изображение

«Өзін-өзі реттеу нарықтағы жауапкершілікті арттырудың нақты құралына айналуы тиіс. Егер кәсіби қоғамдастық осындай жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болса, ол үшін тиімді тетіктерді қалыптастырып, әкімшілік кедергілерді жою қажет», – деп атап өтті Комитет төрағасы Асланбек Жақыпов.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет мүшелері уәкілетті органның өзін-өзі реттеуді дамыту бөлігіндегі жұмыс жоспарларын Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңына сәйкестендіру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар кеден брокерлері (өкілдері) қызметі саласында мемлекеттік орган мен бизнестің өзара іс-қимыл алаңы және сала мәселелерін бірлесіп талқылау үшін салалық кеңес құруды ұсынды.

Изображение

«Атамекен» ҰКП-ның Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің ҚР Ұлттық экономика министрлігімен жекелеген мемлекеттік функцияларды қайта қарау және оларды бәсекелестік ортаға, оның ішінде өзін-өзі реттеу саласына беру мүмкіндігі мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жандандыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ӨРҰ стандарттарын қолдануға байланысты мәселелерді реттеу, сондай-ақ осы салада өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі ұсыныстарды одан әрі пысықтау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.