Арбитраж: бизнес өз мүддесін қалай қорғай алады?
Серіктес келісімшарт талаптарын бұзса, не істеу керек? Арбитражды қай уақытта таңдаған дұрыс және алдын ала қандай шарттарды жазып қойған маңызды?
«Business Bailam» бағдарламасының жаңа шығарылымында Айжан Ысқақова бұл сұрақтар жөнінде Fortune Partners бас директоры, KazBar Басқарма мүшесі, бұрынғы ҚР Жоғарғы сотының судьясы Дана Тоқмурзинамен әңгіме жүргізеді.
Шығарылымда:
- арбитраждың мемлекеттік соттан айырмашылығы неде;
- келісімшарттағы қандай қателіктер бизнесті қорғауды қиындатуы мүмкін;
- «Атамекен» ҰКП Арбитраж орталығы қалай жұмыс істейді;
- істі қарау мерзімі мен құны неге байланысты;
- шешімнің күшін жоюға бола ма және оның Қазақстанда әрі шетелде орындалуына қалай қол жеткізуге болады.
Дау туындағанға дейін өз мүмкіндіктері жайында толық білгісі келетін кәсіпкерлерге арналған маңызды сұхбат.
Сұхбаттың толық нұсқасын сілтеме арқылы көруге болады: Арбитраж: бизнес өз мүддесін қалай қорғай алады?