Инфрақұрылымдық жобалардағы жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер.

02.10.2026
Инфрақұрылымдық жобалардағы жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер.

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында құрылыс, логистика және көлік салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиын «Жезқазған – Қарағанды» автомобиль жолын реконструкциялауға қатысып жатқан мердігер ұйымдар мен жергілікті бизнес өкілдерінің өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – «Жезқазған – Қарағанды» автожолын реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымдар мен жергілікті тауар өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты дамыту болды. Қатысушылар өңірлік кәсіпорындарды құрылыс нысандарын қажетті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етуге тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ іскерлік байланыстарды кеңейту перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер тап болатын өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлер өз ұсыныстарын ортаға салып, облыс әкімімен алдағы кездесуде көтергісі келетін мәселелерді де атап өтті.

Мұндай кездесулер бизнес өкілдері мен ірі мердігер ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жергілікті кәсіпорындардың қатысуына қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.

 

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображение