Ұлттық мұра – заманауи шығармашылықта!
12–13 қыркүйек күндері Астана қаласында «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында «Тамырдан туындыға: Қызылорпданың креатив кеңістігі» атты көрме-жәрмеңкесі өтті.
Көрме Сыр өңірінің бай тарихи-мәдени мұрасын заманауи шығармашылықпен сабақтастырып, ұлттық құндылықтарды жаңа қырынан танытуға бағытталды.
Көрмеге «Бір ауыл – бір өнім» жобасының 2026 жылғы финалисті Маханбет Жәнібек қатысып, сүйек пен ағаштан жасалған ұлттық бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Шебердің қолынан шыққан ағаш бұйымдар ұлттық қолөнердің озық үлгілерін жаңғыртып, халқымыздың дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптеуге айрықша үлес қосып келеді. Табиғи материалды шеберлікпен өңдеп, оған ұлттық нақыш пен заманауи сипат бере отырып жасалған туындылар – атадан балаға жалғасқан қолөнер дәстүрінің сабақтастығын көрсететін құнды дүниелер.
Маханбет Жәнібектің көрмеге қойған бұйымдары келушілердің ерекше қызығушылығын тудырып, ұлттық нақышта жасалған туындылар көпшіліктің көңілінен шықты. Көрермендер шебердің еңбегіне жоғары бағасын беріп, төл өнерімізді заманауи үлгіде дәріптейтін мұндай бұйымдарға зор ықылас танытты.
«Бір ауыл – бір өнім» жобасы өңірлердегі қолөнер шеберлері мен шағын өндірушілердің әлеуетін арттырып, жергілікті өнімдерді дамытуға және ұлттық құндылықтарды заманауи кәсіпке айналдыруға мүмкіндік беріп келеді.